Алдағы уақытта мекенжай анықтамасы қажет емес

425
көрілім

ҚР ІІМ жеке тұлғалар жайлы мәліметтің барлығын электронды форматқа ауыстырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Мамандардың айтуынша, мекенжай туралы анықтама ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің түрі.

– Жыл сайын тұрғындарға құжаттар мен жеңілдіктер, басқа да қызметтер үшін 10 млн.аса тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама беріледі. Жұмысқа орналасар уақытта адамдар ХҚКО-на барып, кезекке тұруға мәжбүр. ІІМ жеке мәліметтер қорын басқа мемлекеттік органдармен бірге байланыстырды. Бұл өз кезегінде мекенжай туралы анықтама қағазын еш жерде талап етпейді деген сөз. Ол мәлімет енді барлық мемлекеттік ұйымдарда сақтаулы болады, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қазір аздаған түзетулер енгізілуде. Тұрғындар «электронды үкімет» порталында өздерінің жеке кабинеттер арқылы деректерін бақылап, пайдалана алады. Сол сияқты пәтер иелері портал арқылы мекенжайға тіркелген адамдарды біле алады. Одан бөлек, жыл соңына дейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қосымша сегіз қызмет түрі электронды түрге ауыстырылады. Яғни 90% мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылмақ.