Алдағы үш күн жауынды болады

343
көрілім

20-22 тамызда республиканың солтүстік және орталық облыстарында жауын жауып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


"Қазақстанға Батыс Сібір өңірлерінен суық атмосфералық фронттармен циклон ығысып, олардың республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы жылжуымен кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюін тудырады, бұршақ жаууы және температураның төмендеуі ықтимал. Батыста және оңтүсікте жауын-шашынсыз, бірақ оңтүстікте ыстықтың орташа көпжылдық мәнге дейін бәсеңдеуі күтіледі", - делінген таратылған ақпаратта.