Синоптиктер 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
- Алдағы күндері Солтүстік-батыс циклонының өтуіне және фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы кей жерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Дауыл соғып, жел күшейіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Ауа температурасының төмендеуі күтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде ғана жоғарылайды, - делінген болжамда.