Алдағы үш күнде Қазақстанда ыстықтың беті қайтады

568
көрілім
Фотосурет - inform.kz сайтынан.

Өткен демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болып, ауа температурасы +28…+35 градусқа дейін жетті. Ал республиканың оңтүстігінде +38…+41 градус ыстық болды, бұл климаттық нормадан 4…14 градусқа жоғары, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, алдағы тәуліктерде Поволжья аудандарынан ауысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы шығысқа қарай жылжитын болады. Синоптиктер осы циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнайды; желдің күші 17-22 м/с-ға жетеді деп болжауда.

Циклонның тылына тау тарамы жағынан суық антициклон таралып, соның ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде ғана емес, оңтүстігінде де ыстық едәуір басылады.