Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады

373
көрілім

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында салынатын нысандар туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Жалпы, 2026 жылға дейін денсаулық сақтау саласында 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Оның 60 пайызы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында. 19 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, 838,5 млрд теңге сомасында 16 ірі аурухана салуды жоспарлап отырмыз», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде инвестициялардың жалпы көлемі 439 млрд теңгеге тең 7 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда.

«Бұл тұрғыда Петропавл, Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларындағы үлкен ауруханаларды қамтып отыр. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда университеттік клиникалар құрылысы бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Әлеуетті инвесторлармен жеке қаржылық бастамалардың дайындық жұмыстары іске асырылуда», - деді Біртанов.

Оның атап өтуінше, бұдан бөлек министрлік құны 400 млрд теңгеге жуық инвестициялардың қосымша 9 жобасын пысықтауға кірісті.