Алексей Башкирцев. Ондаған америкалық ғалымдардың қолынан келмеген істі жалғыз өзі тындырған

327
көрілім

Алексей Башкирцев — Өскеменнен шыққан ғалым. Ол озық нанотехнология, отын-тасу энергетикасы туралы біздің ойды мүлде өзгертетін бірқатар жаңалықтар ашты. Оның алғаш шығарған биобутанол (автомобиль қозғалтқыштарында пайдаланылатын отынның түрі) қазіргі кезде сынақтардан сәтті өтті. Ғалымның өз сөзінше, нанотехнологиялар арқылы күшті сауықтыру әсеріне ие өсімдік ұнтақтарының ерекше формасы алынған.

Тағы бір айта кететіні, Башкирцев 80-жылдардың соңында ұнтақтаудың өзіндік тәсілін жалғыз ойлап тапқан ғалым. Қорғаныс өндірісінің кәсіпорындарымен, СССР ғылым Академиясымен қызметтес болып, тантал мен техникалық кремнийдің наноұнтақтарын дайындау бойынша тапсырыстарын орындады. Оған дейін бүкіл Одақта бұл тапсырысты ешкім орындай алмаған екен. Осы жұмысты ол ары қарай сәл өзгеше бағытта жалғастырады.

Жиырма жылдық еңбегінің қорытындысы — NSB — Башкирцевтің ұнтақтауының нанотехнологиясы деп аталған тәсіл болды. Ғалым мен оның зерттемесі Еуразиялық аймақтың 30 елінің арасында өткізілетін өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Халықаралық конкурсында мойындалып, танымалдыққа ие болды.

— «Сені ескерген әрине тамаша», — деп Алексей Алексеевич өз ойымен бөлісті, — Бұл біз ешкімнен кем емеспіз. кейбіреулерінен артықпыз дегенді білдіреді. Менің ойымша, мен кризистің арқасында жаңа идеяны шығардым, оның халықты сауықтыруда маңызы жоғары.

Бұл идеяның аты — «фитомиллдер», «фито» – өсімдік, а «милл» – диірмен. Оның мәні – өсімдіктерге қолданылған ұнтақтаудың ерекші тәсілі. Нәтижесінде өсімдік ұнтақтарының ерекші формасы пайда болады, ондағы өсімдіктердің пайдалы қасиеттерінің күшейетіні соншалық, күніне қабылданған бір шәй қасықтың өзі адам ағзасының емделуіне әсерін тигізе алады.

_________________________________________________________

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.