Алматы қаласында найза лақтырудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, жерлесіміз үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алексей С.Аманжолов ШҚУ-дағы Педагогика жоғары мектебінің студенті. Алматыдағы аламанда лақтырған найзасы 63.66 метрге жетіп, екінші орын иеленді.
– Берілген мүмкіндіктердің бірінде найзам алысқа түсті. Барымды салдым. Дегенмен, қарсыласымның ұпайы менен жоғары болды. Алдағы уақытта бұдан да қарқынды дайындалып, жеңіке жетуді мақсат етемін, – деді спортшы.
Алексей Хлыстов алдағы жазғы маусымға дайындықты жоспарлап отыр. Спортшының айтуынша, оны көптеген ірі халықаралық жарыстар күтіп тұр.