Алға қойылған жоспар - аграрлық секторды дамыту

434
көрілім

Күні кеше  «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Отырыс барысында азық-түлік қорларын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша мәселелер қаралды. Белгілі болғандай, ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру мақсатында 3 инвестициялық жоба іске асырылған.
 - 44 әлеуметтік дүкен және 465 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді, онда негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ең төменгі сауда бағасында  сатылуда. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты негізде үстеме бағасыз сату үшін 576 жеңілдікті сауда орны беріледі. Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша тұрақты негізде өңірлік штабтардың отырыстары өткізіледі, жыл басынан бері 234 отырыс өткізілді. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, - деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік Сауда саясатын іске асыру бөлімінің басшысы Жанайдарова Анна Петровна.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында аграрлық секторды дамыту бойынша нақты тармақтар көрсетілген. Жол картасындағы көрсеткіштермен тармақтардың уақытылы үзеге асырлуын ШҚО мәслиқатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары мен осы қоғамдық кеңестің мүшелері бақылауда ұстауда.

- Бағаларды ұстап тұру және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру мақсатында ағымдағы жылы Семей қаласында азық-түлік өнімдері саласында майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу, жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын салу және көтерме-тарату орталығын салу бойынша 3 инвестициялық жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2021 жылдың соңына дейін Глубокое ауданында майлы дақылдарды қайта өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба және Өскемен қаласында ірімшік өндірісін кеңейту бойынша 1 жоба пайдалануға беріледі, - деді жиныға қатысқан ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуанышбаев Ертай Мүбаракұлы.