Алмат Кебіспев: «Финалда белдесуді бақылауда ұстауға тырыстым»

1200
көрілім

Грек-рим күресінен команда капитаны, үржарлық Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комитетке берген шағын сұхбатында Алматыда өткен ел чемпионатында көптің айызын қандырып, жарқын белдесулер көрсеткен жастардың қадамына пікір білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жерлесіміздің айтуынша, жарты жылдан астам уақыт бойы бозкілемге шықпаған соң кей тұрғыда қиындықтар байқалған.

– Әсіресе, психологиялық тұрғыдан оңай болған жоқ. Сайыс атмосферасын ұмытып қалдық десек, артық емес. Былтыр жастар құрамасында жүрген палуандар карантин кезінде шеберліктерін шыңдай түскен соң айтарлықтай бәсекелестік танытты. Әлбетте, бұл қуантады. Өйткені, соңымыздан ерген жігіттердің аяқ алысы мен үшін маңызды. Өзіме келсем, алғашқы жарыс күні ауырлау өтті. Көптен бері бозкілемге шықпағандық, карантинде қосып алған 5-6 келі салмақ бар... Салмақ қуып, қалпыма келгенше біраз тер төгуге тура келді. Финалдық бәсекеде белдесуді бақылауда ұстауға тырыстым. Барлығы ойдағыдай өтті, – деді Алмат Қабдрашұлы.