Алматыдағы лай көшкіні: 2007 жылғы жасөспірімнің денесі табылды

347
көрілім
Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімдігі Алматыда лай көшкіні нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшсі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы лай көшкіні болған жерде жерде жедел штаб құрылған. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары да сонда.

– Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ақпарат толықтырылады, – делінген хабарламада.

ТЖМ қаза тапқан адам – 2007 жылғы жас жігіт екенін хабарлайды.