Шығыс Қазақстанда бүгін таңғы сағат 06:20-да Алматы-Өскемен жолының 812 шақырымында жол-көлік апаты болды, деп хабарлады Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Оқиға Аягөз ауданының Айғыржал ауылы маңында орын алған. Бұл жолда жөндеу жұмыстарын «К-Дорстрой» АҚ жүргізген. Алдын-ала мәлімет бойынша автобус жүргізішісі ұйықтап кетіп, автобус жолдан шығып, аударылып қалған. Қалааралық көлікте 25 жолаушы болған. Жол көлік апаты салдарынан 2 адам зардап шекті.
Көлік құралы осы жылы техникалық тексеруден өткен. Осы аумақта тиісті жол белгілері орнатылған. «К-Дорстрой» АҚ өкілдері мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнына келіп, көлік апатының себептерін анықтауда", - делінген таратылған ақпаратта.