Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан көлік тізгіндеген әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
— BMW маркалы көлігін басқарған әйел Аягөзден Семейге келе жатқан. Жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен, - деп хабарлады полиция қызметкерлері. — Зардап шегуші алған жарақаттарынан Жарма аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Көлікте болған тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА