Альмира Жилкашинова. 40-градус аязда жұмыс істейтін жел генераторын ойлап тапты

410
көрілім

Құрамына Альмира Жилкашинова, Нұрлан Досмұрат және Досмұрат Жидехан кіретін ғалымдар ұжымы 40-градус аязда тоқ өндіре алатын гибридті қондырғы жасап шығарды. Мұндай ауа-райы Шығыс Қазақстан үшін қалыпты жағдай болғандықтан, қондырғының пайдасы өте зор.

Инновациялық әзірлеменің арқасында альмира Жилкашинова «Шапағат-2015» өнертапқыштар республикалық конкурсын жеңіп алды. Оның жел генераторы қазақстандық инновациялардың реестріне кірді. Бұл әзірлеме ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылды.

Қазір әлемде 30-дан астам типтік жел генераторлары мен 100-ден кем емес модификациялар қолданылады. Соныме қатар, отандық қондырғы жергілікті жағдайға барынша бейімделген болу керек, демек, қазақстанның далаларының жел аэродинамикасы мен қақаған аяздарын ескеру қажет. ҚР білім және ғылым министрлігі жел генераторының оңтайлы моделін құруға грант бөліп отыр.

Альмира Жилкашинованың перспективалы әзірлемесінің әлемде баламасы жоқ. Бүгінде оның қызметінің негізгі мақсаты тәжірибеден өткен үлгі — шағын үш қабатты гибридті жел электростансасын (ШҮГЖЭС) жасап шығару. Ол Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалған отандық жасаушылармен жасақталатын болады.

_________________________________________________________

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.