23 жасқа дейінгі жастар арасында волейболдан Жоғары лига чемпионаты мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығысқазақстандық ұжым, яғни «Алтай-2» топ жарған алматылық Буревестник-2 командасына төрт ұпайға ғана жол беріп, жалпы алғанда тамаша ойын өрнегін көрсетті. Қазақстан Республикасының 29-шы чемпионатында қола медаль Атырау-2 волейболшыларына бұйырса, Тараз-2 мен Павлодар-2 ойыншылары 4-5-ші орындарға жайғасты.