«Алтай» - футболдан Екінші лиганың жеңімпазы

585
көрілім

Екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Доп додасына барлығы 16 команда қатысып, шығысқазақстандық «Алтай» құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтай» барлығы 30 ойын өткізіп, оның ішінде 15 ойынды өз алаңында, қалған 15 ойынды сырт алаңда ойнады. Алғашқы 3 ойын Өскемендегі «Восток» алаңында өтсе, кейін Семейге барып «Спартак» алаңында кезекті ойындар жалғасын тапты. Біздің командадан кейін тұғыр сатысына алматылық «Қайрат» командасы және Екінші лиганың қола жүлдегерлері шымкенттік «СДЮШОР №7» ұжымы жайғасты.

30 ойында «алтайлықтар» 22 ойында жеңіске жетті, 5 ойында тең түссе, тек 3 ойында ғана жеңілістің ащы дәмін татты. «Рузаевка» командасын (1:0), есебімен ұтқаннан кейін, жеңімпаз және жүлдегер командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, «Алтай» командасы келесі маусымда ҚР Бірінші лигасында ойнайтын болады.