«Алтай Атлетикс» клубының жеңіл атлеті Швейцарияда күміс медаль жеңіп алды

570
көрілім

Биылғы жылы маусымда ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен елдегі ең бірінші «Алтай Атлетикс» атты кәсіби жеңіл атлетикалық клуб ашылған болатын. Клубтың қоржынына екі күміс медаль түсіп те үлгерді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Атап айтсақ, Каролин Кипкируи Люцернде өткен Spitzen Leichatletik Luzetn жарысында 2-ші орын алса, Нора Джеруто Рабат елінде өткен Гауһар лигасы кезеңінде күміс медальға ие болды.

«Алтай Атлетикс» клубы басшылығының айтуынша, клубтың моделі әлі де қалыптасу кезеңінде. «Алтай Атлетикс» клубы 94 жылдық тарихы бар LC Zunch еуропалық алдыңғы қатарлы клубтың үлгісі бойынша жұмыс атқарып, LC Zunch-пен келісім-шартқа  да отырған.

Айта кету керек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да клубка мүше болып кірген.