Алтай ауданы аумағынан бір тоннадан астам қоқыс шығарылды

138
көрілім

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алтай ауданының жастары мен тұрғындары «Таза жағалау» экологиялық сенбілігіне қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұқтырма және Хамира өзендерінің жағалауларын тазарту үшін 130-дан астам адам бірігіп, төңіректе ыбырсыған түрлі заттарды жинастырды. Бұған «Орман шаруашылығы» ММ өкілдері, «Жасыл ел» жасағының жауынгерлері, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.


- Экологиялық шараларды өткізу жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай акцияларға мүмкіндігінше көп адамның қатысқаны тиімді. Барлық тұрғынды «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз, - деді Леснопристань орманшылығының орманшысы Ринат Акжанов.
Акция кез келген адамды табиғатты таза ұстауға бағыттайды. Сенбілікті өткізу барысында Алтай ауданында үш техника жұмылдырылып, екі трактор және тиегішпен бір тоннаға жуық қоқыс шығарылды.