Алтай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

340
көрілім

Бұл туралы Алтай ауданының әкімі өзінің инстаграм парақшасында жазды. Әкімнің орынбасары болып Дулат Қажанов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол тұрғын-үй коммуналдық шарауашылық, архитектура және құрылыс жұмыстарын бақылап отырады.
Дулат Зайсанбекұлы Зайсан қаласының тумасы. Еңбек жолы 2007 жылы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен бастаған. 2009 жылы ШҚО әкімі апаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің маманы болып тағайындалды. 2013 жылдан – 2018 жылдар аралығында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2018 жылы Күршім ауданының әкімі болды. Кейін 2022 жылдан – 2023 жылға дейін Зайсан ауданының әкімі болып қызмет етті.