Алтай ауданында 3 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

102
көрілім
Фотосурет top-news.kz сайтынан

Бүлдіршін ауруханаға жеткізілген соң дәрігерлер зардап шеккен қызда көптеген жарақаттар барын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үшінші қабаттан құлап кеткен 2021 жылы туған қыз бала. Оқиға Алтай қаласында болды. Қолда бар дерекке сүйенсек, қыз бала пәтерде тек 11 жастағы ағасымен бірге болған.
Алтай ауданының төтен жағдайлар бөлімі мәліметінше, терезеде бекіткіш болмаған. Тек масаға арналған тор ғана орнатылыпты.
- Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен қызда көптеген жарақат барын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген мәліметте.