Биыл Алтай ауданына қарасты бірнеше елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде Алтай ауданындағы ауыл тұрғындарының саны 22 517 адамды құрап, оның 17 646-сы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген.
– Ауызсу тарту жұмыстары әлі де жалғасын табады. Осы жылы Феклистовка, Никольск, Малеевка, Тұрғысын, Путинцево ауылдарын орталықтандырылған ауызсумен қамтуды жоспарлап отырмыз, – дейді аудан әкімінің орынбасары Медет Сахариев.
Оның айтуынша, 2020 жылы 4 ауылды ауызсумен қамтамасыз етудің блок-модульдік станцияларын орнату жоспарға енгізілген. Бұл әрине таза ауызсусыз отырған елді мекендер үшін жағымды жаңалық болмақ.
Таунар ҚАЙРАТ