Қазір жабайы аңдарды атып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нақты айтсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша іс қозғалды.
Браконьерлердің қолға түскені туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіндегілер хабарлады.
- Наурыз айының 23-і күні рейд жүргізу барысында Алтай ауданы маңында сынған мотошана, бұланның төрт мүйізі, мүшелеп сойылған еті мен терісі табылды, - делінген мәліметте. - Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.