Алтай ауданының тұрғыны діни кітаптарды заңсыз таратқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аудан орталығының Силовая көшесінде діни әдебиетті заңсыз таратқан еркектің ісі сотқа жетті. Сот барысында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 490 бабы, 1 тармағының 3 тармақшасымен (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратқан) кінәлі деп танылған айыпталушыға 50 АЕК (126 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.