Ресми мәлімет жуықта облыс әкімдігінде өткен облыстық мәслихат сессиясы кезінде ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ақпаратынша, қосымша қаржыландыру үшін «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында 19 нысан құрылысын қаржыландыру үшін 1 356,9 млн теңге бөлінбек. Одан бөлек, Риддер қаласындағы 200 төсек-орынға арналған көпсалалы аурухана кешені мен бір ауысымда 500 мәрте келіп кетуге арналған емхана құрылысына 600,0 млн.теңге бөлу қарастырылды.
Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентіндегі 200 орындық мектеп құрылысын жалғастыру үшін 300,0 млн теңге және жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуға 100 млн теңге бөлінбек.