Алтай ауданында ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

192
көрілім

Бұл қызметті Архат Тұрсынбеков атқаратын болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпарат аудан басшысы Ренат Құрмамбаевтың парақшасында жазылды.

– Менің өкімімен ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Архат Тұрсынбеков тағайындалды. Ол 1991 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 2013 жылы тарих мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған. Еңбек жолын 2014 жылы бастады. Мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларында жұмыс атқарған, өзін тек оң жағынан көрсете білді, – делінген әкімнің жазбасында.

2023 жылғы қараша айынан 2024 жылғы 06 маусымды қоса алған мерзімде Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қоғамдық-саяси ахуалға талдау және бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.