Алтай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

436
көрілім

Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілтін табыстады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 көпбалалы отбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында баспаналы болды. Аудан әкімі пәтер иелерін жаңа үйімен құттықтады, сонымен қатар құрылысшыларға алғысын білдірді.

 - Бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің енді өз үйіміз бар. Барлық үй иелеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін Елбасы Н.Назарбаевқа, Президент Қ.Тоқаевқа, облыс әкімі Д.Ахметовқа және аудан әкімі Қ.Байғонысовқа зор алғысымызды білдіреміз, - деді жаңа қоныс аударушылардың бірі.