Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың ақпаратынша, жан-жақтан келген тәжірибелі мамандар мен мал шаруашылығының сарапшылары өзара тәжірибе алмасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
26-шы шілде күні Алтай ауданына қарасты Полянское ауылында «Мойылды Байқоңыр» ЖШС-нің «1075 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы» инвестициялық жобасының семинар-тұсаукесері ұйымдастырылды.
– Семинарға Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайырбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаджибекова Ажар Елемесқызы, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Соның аясында сүт-тауарлы фермасын салу жобасын жүзеге асыру кезеңдері талқыланды. Жобаға сәйкес 1075 бас голштейн тұқымды ірі қара мал сатып алу – 553,7 млн.теңге сомасында; жем-шөп техникасы – 1,097 млрд теңге сомасында; технологиялық жабдықтар – 1,075 млрд теңге сомасында; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу – 4,698 млрд.теңге сомасында қаржыландыруды көздейді, – деді Ренат Тлеуханұлы.
Семинарға қатысушыларға сүт-тауарлы фермасының құрылыс жобасы таныстырылды. Тәжірибелі спикерлер мен мал шаруашылығының сарапшылары өндірісті кеңейтпекші фермерлермен тәжірибелері мен білімдерімен бөліссе, Eurasia Group Kazakhstan мамандары әлемдік жетекші брендтердің жем өндіруге арналған ауылшаруашылық техникаларының тұсаукесерін өткізді.