Ауыл адамдары жақын маңда ақырған аюдың дауысын естіп, қорықшыны көмекке шақырған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Северное ауылының маңында «аюдың дауысы естіледі» деп тұрғындар қоңырау шалды. Орынға келгенде екі жасар аюдың браконьерлердің тұзағына түсіп қалғанын көрдік. Мұндай тұзақтан босату өте қиын, сондықтан аюдың қиналып өлгенінен гөрі оны атып алған дұрыс, – дейді қорықшы Анатолий Падерин.
Оның айтуынша, браконьерлердің тұзағы адам мен үй жануарлары үшін де өте қауіпті. Тіпті осындай тұзаққа түскен малдың өліп кеткендігі жайлы оқиғалар бар.