Алтай ауданында үйінде есірткі сақтаған ер адам ұсталды

570
көрілім

Шілде айының басында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын сақтады деген күдікпен Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Тінту жүргізу барысында күдіктінің үйінен өткір иісті өсімдік салынған полиэтилен пакет, 6 түп өсімдік, ұнтақталып жасалған жасыл түсті 5 таблетка түріндегі зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес пакеттегі зат салмағы 5 192,68 гр. құрайтын кептірілген марихуана, салмағы 2 640 гр. 6 түп қарасора, 501,32 гр. гашиш екенін көрсетті.

Жауап алу барысында ер адам аталған заттарды өзі пайдалану үшін сақтағанын айтқан.

Қылмыскерге қатысты келу туралы міндетті мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 4-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.