Алтай ауданында жанжал кезінде әйелі күйеуін пышақтаған

342
көрілім

Қараша айының 3-і күні Алтай ауданының ауруханасына «сол жақтағы көкірек қуысының сұғылып кесілген жарақаты» диагнозымен қаланың 35 жастағы тұрғыны жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тергеу барысында анықталғандай, сол күні кешкі уақытта жәбірленуші әйелімен бірге қонақта болған. Онда ішімдік буымен бұрқ еткен жанжал салдарынан әйел адам күйеуіне пышақ жарақатын келтірген.

Аталған 25 жастағы әйелді тәртіп сақшылары тез арада қолға түсті.

- Күдікті жауап алу барысында өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.