Алтай ауданында жайылымнан қой ұрланған

438
көрілім

Қыркүйек айының соңында Алтай ауданының тәртіп сақшыларына Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен белгісіз біреулердің қой ұрлап кеткені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 12-13 қыркүйегіне қараған түні Алтай ауданының Бородино ауылында тұратын 37 және 34 жастағы екі ер адам Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен бір бас қойды ұрлағанын анықтады.
- Келтірілген шығын көлемі 70 000 теңгені құрады. Ұрланған затты тасымалдау үшін қаскөйдің бірінің автокөлігін пайдаланған. Кейін үйдің ауласында малды сойып, етін бөліп алған, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.