Алтай ауданының елді мекендерінде су тасқынын алдын алу жұмыстары жүргізілуде

233
көрілім

Алтай ауданының Соловьев, Северный, Средигорный ауылдық округтерінде және Алтай қаласында су тасқының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Елді мекендерден қар шығарылып, қарғын суды бұру шаралары қолға алынған.
Соловьев ауылдық округінде өзендер мен каналдардағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ Соловьев және Маяк елді мекендерінде қарғын суды бұру жұмыстары да атқарылуда.
Алтай қаласының көшелеріндегі қарғын сумен күреске 3 техника жұмылдырылған.
Северный ауылдық округінде 1 техника, ал Средигорный ауылдық округінде 2 техника жұмыс істеп жатыр.