«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес Алтай ауданының бірқатар білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысов мәлімдеді.
– Алтай ауданының білім беру ұйымдарында 17 жоба жүзеге асырылуда. Осы ретте Алтай қаласының №9 мектебіне барып жөндеу жұмыстары барысын тексердім. Спорт залының шатырын «Новатор-5» ЖШС жергілікті мердігер ұйымы жүргізуде. Бүгінгі күні итарқалық жүйе, шатыр торламасы жасалып қойды. Металл профильден шатыр құрылысы жасалуда, – деді ол.
Жұмыстың уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуы үшін әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына тиісті нұсқаулар беріп, жағдайды бақылауда ұстауға тапсырды.