Алтай ауданының тұрғыны есірткімен ұсталды

182
көрілім

Полиция қызметкерлері Алтай ауданының тұрғынынан есірткі заттарын тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары 40 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның аула ғимараттарын тінту барысында салмағы 3,5 келіге жуық кептірілген марихуана, сондай-ақ 3 грамм гашиш және 880 грамм кептірілген каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 - бабы 4-бөлігі - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.