Наурыз айының ортасында Алтай аудандық полиция бөлімі кезекші бөліміне Заводская көшесіндегі үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның иесі 58 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды. Келтірілген залалдың сомасы 5 000 000 теңгеге бағаланды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстаған.
– Күдікке ілінге 58 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдікті осыған дейін араларында кикілжің туған танысының үйінен шамамен 50 000 теңгенің азық-түлігін ұрлап, осымен тоқталмай араздасқан танысының үйін өртеп жіберген, – делінген мәліметте.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 202 - бабы 1 – бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.