Алтай ауданының тұрғынынан сұйық есірткі табылды

462
көрілім

Желтоқсан айының соңында Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны есірткі дайындайды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Келіп түскен ақпаратты жедел уәкілдер дереу тексеруге кірісіп, нәтижесінде ақпарат расталды. 45 жастағы ер адамның қорасын тінту барысында қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылды.

- Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың ішіндегісі «экстракциялық апиын» есірткісінің ерітіндісі болып шықты. Экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 3,0 мл., сұйықтық - 0,0387 грамм құрайды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.