«Алтай Өскемен» футбол клубының бас бапкері болып ел футболының ардагері, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері - Вахид Масудов тағайындалды. Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастаған. Одан кейін қазақстандық маман «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал» командаларын және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ Масудов Super bol жобасында қызмет етті», - делінген хабарламада.
Жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі – Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы – Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы – Илья Евгеньевич Байтеряков кірді.
Еске салсақ, бұған дейін «Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалғанын хабарлаған едік.