Алтайлықтар көшеде шектен тыс қаптаған қандала туралы айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қазан айының жылы күндері жәндіктердің ерекше құбылысына әкелді. Алтай қаласының тұрғындары ағаш қандаласының үйлеріне дейін кіріп кеткендігін айтады.
– Терезедегі москит торлары да көмектеспейді. Терезе жақтаулары мен перделерде толып жүр. Не істерімізді білмейміз, – дейді тұрғындар.
Мамандардың айтуынша, бұрынғы санэпидемиологиялық станция инфекциялық аурулардың таратушылары болмағандықтан оларды жоюмен айналыспайды. Бұл мәселеде тек залалсыздандыру зертханасына барып жекелей түрде өтініш білдіруге болады. Ағаш қандаласын дәрі арқылы улау жабық жерлерде ғана ыңғайлы.