Алтай қаласында биыл 60 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған

399
көрілім
Шартты фотосурет

Алтай ауданы Алтай қаласының 10-шы шағын ауданында 60 пәтерлі екінші тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, құрылыс жұмысын бастау 10-шы шағын ауданындағы Рудная көшесі, 31/11 мекенжайы бойынша қарастырылып отыр. Әкім орынбасары Медет Сахариевтің айтуынша, 2017-18 жылдар аралығында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Рудная көшесі, 31/12 мекенжайындағы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жобасы жүзеге асырылды.

– Үйдің жалпы аумағы 4860 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде пәтерлердің тұрғын алаңы 3306 мың шаршы метр. Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, пәтерлер көмекке мұқтаж отбасыларға берілген, – дейді Медет Сахариев.

Нұрбек АСҚАРОВ