Қала тұрғындарының бірі облыс әкімі Ермек Көшербаевқа спорт тақырыбында бірқатар сауал қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аян Шоқанұлының сөзінше, қазір алтайлықтар спорттың әр түрінен жүлде алып жүр. Әсіресе қыс мезгілінде хоккей модулінде тартысты ойындар өрбиді. Спортшылар да облыс, республика көлемінде медаль иеленіп келеді. Алтай тұрғыны бірнеше спорт үйірмесінің басын қосатын дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне қажеттілік барын алға тартты.
- Жасөспірімдерден бастап, кәріге дейін салауатты өмір салтын ұстанатындар қарасы көбейіп келеді. Бізде спорт мектебі бар, нәтиже бар. Дегенмен спорт кешені салынса, көрсеткіштер бұдан да жақсаратыны сөзсіз. Балалар саны 2-3 есеге артқан, - деді ол.
Бұл ретте, Ермек Беделбайұлы ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановқа жағдайды бақылауға алуға тапсырма берді. Нақты ұсынысы болса Өскеменге келіп, жеке қабылдауында болуын дұрыс санады. Сонымен қатар Ермек Көшербаев өзінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың облыстық хоккей федерациясының басшысы болып тағайындалғанын, осы бағытта Зайсан ауданы мен Риддер қаласында хоккей модулі салынатынын мәлімдеді.
Асқар Можанов Аян Шоқанұлының ұсынысы қарастырылатынын жеткізді. Облыстық Экономика басқармасының басшысы Фархад Белбеев Алтай қаласы тұрғындарынан осыған дейін хат келгенін айтты