Алтай қаласында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

357
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айының 18-і күні Алтай қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары Серебрянск қаласында көшелердің бірін патрульдеу кезінде мас жүргізушіні тоқтатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Вокзальная көшесін патрульдеу кезінде 42 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Москвич» автокөлігі тоқтатылып, құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Ол аздай ер адам көлікті мас күйінде жүргізген.

- Медициналық куәландыру актісіне сәйкес ер адамда жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.