11 қазанда Алтай қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
- Алтай қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - деп хабарлады Алтай аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабынан.