Шығыс Қазақстан облысында "ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту " ұлттық жобасының іске асырылу барысын Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
- Ауылдық денсаулық сақтау объектілерін кадрлармен жабдықтауға қосымша 16 медицина қызметкері қажет. Бұл Ұлан және Шемонаиха аудандарында аяқталатын және Глубокое, Ұлан және Шемонаиха аудандары мен Алтай ауданында салынуы жоспарланған нысандар, - деп нақтылады облыстық әкімдіктің отырысы барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының қаражаты есебінен төрт маман резидентурада оқиды. Ағымдағы жылы облыс үшін резидентурада оқуға республикалық бюджеттен 100 мемлекеттік грант және жергілікті бюджеттен 34 грант бөлінді. Жас мамандар 2025-2026 жылдары жергілікті жерлерде жұмысқа кіріседі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, отырыс барысында Алтайдағы аурухана 264 заманауи құрал-жабдық алатыны туралы ақпарат айтылды.
- Жоғары технологиялық жабдық. Мамандар осы жабдықта жұмыс істеуге қалай дайындалды? - деп сұрады ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Басқарма басшысы аппараттардың басым бөлігі ескірген құрылғылардың орнына орнатылатынын айтты. Мамандар облыс орталығында білім алуда.
Естеріңізге сала кетейік, жақында 12 ауыл дәрігері Түркиядан оралды, онда үздік клиникалардың бірінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.
- Оқыту тек теория ғана емес, сонымен қатар практика жүзінде болды. Яғни, біздің дәрігерлер пациенттермен тікелей жұмыс істеді, операцияларға қатысты. Бұл үлкен тәжірибе, – деп атап өтті Төлеген Жігітаев.
Ермек Көшербаев бұл жұмысты жалғастыруды және ауыл дәрігерлерін оқытуға ерекше назар аударуды тапсырды.