Алтай қаласындағы мектептерде карантин жариялануы мүмкін

381
көрілім

Алтай қаласындағы мектептерде жедел респираторлық-вирустық инфекция өршіп кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Қаладағы білім ордаларында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсті. Осыған орай мектептер мен балабақшаларда шектеу шаралары қолға алынған, - дейді Алтай аудандық эпидемиологиялық қадағалау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Латипа Жұмақанова.

Ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, Алтай қаласындағы №8 мектепте 190 оқушы, №11 мектепте 231 оқушы, №6 мектепте 411 бала сабаққа келмеген.

- Жедел респираторлы вирустық инфекцияның таралу деңгейі оқушылардың жалпы санының 30 пайызынан асып кеткенде ғана карантин жарияланады. Сабаққа бармаған балалардың барлығы ауруға шалдықты деп кесіп айта алмаймыз. Сондықтан бізге әр оқушыдан медициналық диагноз алу керек, - дейді Латипа Жұмақанова.