Өкпе-ренішін Ермек Көшербаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында қалдырған Алтай қаласы тұрғындарының сөзінше, көшелерді кейде бірнеше күн бойы қараңғылық басады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кешкі уақыт жаяу жүргіншілер үшін қауіпті кезең. Себебі, көлік жүргізушілер жолдан өтіп бара жатқан адамды байқамай, өмірлеріне қауіп төндіреді. Осыны шешіп беруді өтінген тұрғындар жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеге бей-жай қарайтынын жеткізді.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін пост астындағы комментарийге Алтай қаласының әкімі жауап жазды. Игорь Оконешиковтың сөзінше, ол облыс көшелерін жарықтандырудың бірыңғай операторына барлық учаскедегі ақаулықтар бойынша өтініштер үнемі жіберіледі.
- Біз бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқпыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын көшені жарықтандыруды модернизациялаудың түрлі жолдары қарастырылған еді. Бюджеттен біршама қаржы бөлінді. Қазір көшенің бір жақ шетінде жарық мүлдем жоқ. Жарықты қалпына келтіруге ешкім асықпайды. Неліктен осы аудан тұрғындарының өтінішіне ешкім құлақ аспайды? - делінген altayinform инстаграм парақшасында.