Алтай қаласының тұрғынынан марихуана тәркіленді

372
көрілім

«Қарасора-2020» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Алтай қаласының 45 жастағы тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алтай аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, қылмыскерді қолға түсірген.

- Күдіктінің үйін тінту барысында 3 келіден астам марихуана тәркіленді, ол марихуананы өзі пайдалану мақсатында сақтаған, - деп атап өтті ШҚО Полиция департаменті бастығы Сағат Мадиев.

Ұсталған адам есірткінің мұндай мөлшерін қалай қолданғысы келетінін түсіндіре алмаған. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.