«AMANAT» кандидаты педагогтармен кездесті

417
көрілім

«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Фархад Құрманов Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде партиялық бағдарламаның білім саласына қатысты басымдықтары туралы айтылды.
– «AMANAT» партиясы маңызды зерттеу негізінде реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Реформалар алдымен қоғамда және Парламентте талқыланатын болады. Мемлекеттік меншіктегі жоғары оқу орны, колледж, мектеп, балабақша, оқушылар сарайы жекешелендірілмейді, – деді үміткер.
Осы орайда айта кетейік, партия 500 мың педагогтің жалақысын ел экономикасының дамуымен қатар өсіруді көздейді. Балабақша педагогі, білім беру ұйымының басшысы мен мектеп кітапханашылары үшін еңбекақы төлеудегі теңсіздіктер жойылады.


– «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құруға қол жеткізеді, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешеді. Балабақша, мектеп пен колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін арттырады. Бұл педагог пен техникалық персоналдың біліктілігі мен жалақысының өсуін, білім беру және әлеуметтік қорғау саласының материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз етеді. Сондықтан білімді басты орынға қойған «AMANAT» партиясы дауыс беріңіздер! – деді үміткер.
Кездесу соңында педагогтардың ұсыныс-пікірі тыңдалды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді