«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Өскемен қалалық филиалы жанынан құрылған қала бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарын тексеріп қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.
Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық бақылау комиссисының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары бар.
- Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екенін анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - делінген мәліметте.
Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.