Қаңтар айының 29-ы күні «AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Кеңестің отырысында кәсіпкерлікке қатысты бірнеше тақырып талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын кезінде «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы шеңберінде көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал тобына арналған жалға берілетін тұрғын үйлердің жай-күйі қаралды. Қатысушылар жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шағын және орта бизнеске арналған гранттар туралы мәселелерге де ой білдірді.
Бұл ретте ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Инна Ахаева, ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй мониторингі бөлімінің басшысы Жазира Мамырбекова және ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Динара Кожанова әзірлеген баяндамаларын оқыды. - Жастарға микрокредит беруді іске асыру 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша жүзеге асырылады, - делінген мәліметте.
Мәлім болғандай, 2024 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы Кредиттік шарт келісу сатысында тұр.
2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2024 жылы республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін 10,7 мың м2-ге 156 жалдамалы үйді (пәтерді) сатып алу көзделген