«AMANAT» партиясының ШҚО филиалы ағаш отырғызу акциясын өткізді

989
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық  филиалының ұйымдастырумен Өскемен қаласындағы  «Ана мен бала» орталығының ауласында ағаш отырғызу акциясы өтті.

«Облыстық филиалдың жанындағы Экологиялық кеңестің бастамасы бойынша ағаш отырғызу ауқымды акциясын өткізудеміз. «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында экологиялық мәселені шешуге арналған нақты бағыттар бар. Сондықтан да қаламызды жасыл желекке бөлеуге, оның экологиялық жаңдайының жақсаруына партияластар барынша назар аударуда», - дейді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының өкілі Аманбай Нұркенов.

Шараға «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы  депутаттық фракциясының мүшелері, жастар, дәрігерлер, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, партия белсенділері, экология департаменті, облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу және жер қатынастары басқармаларының басшылары, волонтерлер қатысты.
 «Бүгін біз қаламыздағы «Ана мен бала» орталығының алаңында ағаштар отырғызуға жиналдық. Бұл біздің туған өлкеміздің, Жаңа Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне қосқан ортақ үлесіміздің бастамасы деп санаймын»- деді «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы  өңірлік экологиялық қоғамдық кеңестің төрағасы Татьяна Чернышова.

Акция барысында 40 түптен астам қылқан жапырақты ағаш түрі отырғызылды.

«Жастар үшін мұндай игі шараның мағызы зор. Біріншіден бұл табиғатымызды аялауға қосқан үлесіміз болса, екіншіден  қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған шара болмақ»- деді  «AMANAT» партиясы ШҚО  филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ –ның төрағасы Қорлан Туғанбаева.