«AMANAT» партиясының ШҚО филиалында оқушылар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі талқыланды

583
көрілім

«AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңеспен Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша аймақтық кеңестердің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Отырыс барысында өңіріміздегі  денсаулық және білім саласындағы атқарылып жатқан мәселелелер талқыланды. Бүгінгі отырыста білім саласына қатысты мәселелерге басымдық берілді. Атап айтсақ, мектептер мен колледждердің оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселесі қаралды.
- Облыстың білім басқармасы жүйелі негізде кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты буллингтің, зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда. Жалпы және орта білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің ата-аналарын шақыра отырып, алдын алу кеңестері өткізіледі. Сонымен қатар мектеп психолгтары әр баланың мінез құлқына көңіл күйіне күнделікті мониторинг жасап отырады, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Облыстық мәдениет басқармасының, қалалық және аудандық мәдениет бөлімдерінің 2023 жылға жоспарланған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруына байланысты да кеңес мүшелері бір қатар ұсыныстар айтты.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды шығармашылық тұрғыда қолдау және мәдени шараларды ұйымдастыру бағытындағы басқарманың жұмысы өте әлсіз деуге болады. Біз ол азаматтарды қоғамнан оқшауламай барынша шығармашылық тұрғыда қолдауымыз қажет. Басқарма осы бағыттағы жұмыстарды жандандырса, - деді облыстық мәслихат депутаты Илья Смоляков.
 Кеңес мүшелері кохлеарлы импланты бар балаларды оңалту мәселесінде көтеріп осы бағыттағы денсаулық басқармасының атқарып жатқан жұмысы бойынша да басқарма өкілінің есебін тыңдап өз ой пікірлерін білдірді.